Өзбекстан Президенті наурызда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев наурызда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлады gazeta.uz.

Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша 16-шы бірлескен үкіметаралық комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында 2017 жылғы наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетіні белгілі болды.

Өзбекстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов бұл сапар стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңін ашуы тиіс екенін атап өтті.

Қазақстандық делегацияны басқаратын премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин өз сөзінде екі елдің ынтымақтастығы серпінді дамып келе жатқанын, кезекті отырыс екі тараптың көп жоспарлы ынтымақтастығын нығайтуға ықыласты екендігін растайтынын атап өтті.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2 млрд. доллардан асты.

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.