Қазақстанда абақтыдағылардың саны 30% төмендеді

Орталық коммуникациялар қызметінде 23 ақпанда Бас прокуратурада өтетін «Түрме реформасының» кезекті ІV Форумына арналған баспасөз конференциясы өтті. Жоспарланып отырғандай, Форум барысында үш жылдағы (2013-2016 ж.ж.) жұмыс қорытындыланады, деп хабарлайды BNews.kz

Бірінші форум 2013 жылдың ақпанында өткізілген, онда «Түрме халқын азайтудың 10 шарасы» жобасының тұсауы кесілді.

Оның мақсаты – Қазақстанды 2017 жылға дейін түрме рейтингісі нашар 50 елдің қатарынан шығару.

Форумда қалыптасқан ұсыныстар сс-шаралар жоспарына енгізіліп, Парламент депутаттарының, Жоғары Соттың, ІІМ, халықаралық құқық қорғаушы ұйымдарының қолдауын тапты. Жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-атқару кодекстеріне қосылды.

Жобаны үш жыл ішінде жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстанда түрмедегілердің саны 30% азайды, 2012 жылдың 52 мыңынан 2016 жылдың соңына 36 мыңға дейін.

Халықаралық рейтингте Қазақстан 35-орыннан 68-ге көтерілді.

Бұл екі жыл ішінде қылмыстық-атқару жүйесінің 7 мекемесін жабуға мүмкіндік беріп, бюджеттің 12 млрд үнемделді.

Сонымен қатар 2014-2015 жылдары түрме реформасының екінші және үшінші форумдарында тұсаукесерлері өткен «Колонияларда жұмыспен қамту- 2017» және «Әлеуметтендіру – сен қоғамға керексін» жобаларын іске асыру нәтижелерін талқылау жоспарлануда.

Форумның екінші бөлігінде Бас прокуратураның «Азаптаусыз қоғамға» жаңа Жобасының, сондай-ақ оларды болдырмаудың нақты іс-шара жоспарының тұсаукесері болады.

Жобаның мақсаты – қылмыстық процесте және пенитенциарлық салада азаптауды жою бойынша заңнамалық және тәжірибелік шараларды әзірлеу және жүзеге асыру.

Жобаның негізі азаптауды болдырмау институттарының тиімділігін арттыру бағытында заңнамаға өзгерістер енгізу, сондай-ақ заңдарды және тәжірибені халықаралық стандарттарға және ратификацияланған келісімдер мен конвенциялар аясындағы міндеттерге сәйкестендіру болып табылады.

Іс-шара жоспары 3 негізгі бағытты қамтиды: азаптауларды болдырмауды, олардың тергелуін және жәбірленгендерді оңалтуды.

Стамбул хаттамасының қағидаларын тәжірибеге енгізу шаралары бөлек көрсетілген, онда ұлттық және процесуалдық ерекшеліктерге қарамастан, азаптауды тиімді тергеу бойынша бүкіл әлемнің тәжірибесі жинақталған.

Сондай-ақ, Форумның талқылауына пенитенциарлық жүйесінің жабық мекемелерінде азаптауды, қатыгездікті және жазалауды болдырмау мен алдын алу шаралары ұсынылады. Мемлекеттің жауаптылығы мен шығынды толық көлемде өтелуін қамтамасыз ету қағидасы негізінде азаптаумен жәбірленгендерді тиімді оңалту үшін азаматтық заңнаманы және оны қолдану тәжірибесін өзгерту бойынша шаралар қосылған.

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.