Қанат Ислам болашақта әлем чемпионы атанады — ММА чемпионы

Ережесіз жекпе-жектен (ММА) әлемнің алтын дүркін чемпионы америкалық Шеннон Ритч кәсіпқой бокста өнер көрсететін отандасымыз Қанат Исламды болашақта әлем чемпионы болатынын айтты, — деп жазады Vesti.kz.

«Мен бүгін керемет бокс кешіне куә болдым. Қанат Ислам болшағынан зор үміт күттіретін боксшы. Мен оның болашақта әлем чемпионы болатынына еш күмән келтірмеймін. Ол өте мықты боксшы», — дейді Шеннон Ритч жекпе-жектен кейін.

Айта кетейік, Қанат Ислам АҚШ-тың Уилмингтон қаласында өткен жекпе-жек басында қабағынан жарақат алып қалғанына қарамастан, қарсыласын соққының астына алып, кездесуді бірінші раундта аяқтады. Кездесудің бейнежазбасын мына сілтемеден көре аласыз.

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.