Е.Сағадиев: Мұғалімдердің жалақысы төмен екенімен келісемін

Үкімет үйінде болған брифинг барысында ҚР білім және ғылым министрі  Ерлан Сағадиев еліміздегі мұғалімдердің жалақысы шын мәнінде төмен екенін атап айтты. Министр таяу уақытта ұстаздардың жалақысы көтерілетініне үміт артатынын жеткізді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Мен мұғалімдердің жалақысы төмен екенімен келісемін. Біз бұл мәселені шешуге тырысып жатырмыз. Бұрын айтқанымыздай,  білім саласындағы барлық жаңалықты, соның ішінде қаржы саласындағы мәселені де ұстаздар қауымымен, үкіметпен және Мәжіліспен бірлесіп талқылау керек. Біз 2017 жылы мұғалімдердің жалақысын сағаттар санын қысқарту есебінен, жалпы алғанда, балабақшаларда, мектептерде және ЖОО-ларда жекеменшік секторды кеңейту есебінен көтере аламыз деп үміттенеміз. Мұғалім мамандығы болашағынан зор үміт күттіретін мамандық болады. Біздің ойымызша, таяу уақытта балабақша, мектеп және ЖОО-ларға 200 мыңға жуық мұғалім қажет болады. Бұл жыл сайын жаңа жұмыс орындары құрылатын сала», — деді Ерлан Сағадиев.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда зейнет жасындағы 7%-ға жуық мұғалім бар. Жыл сайын 25 мың мұғалім даярланады. Қазір олардың санын арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.